Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Ұлт руханиятының жанашыры – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов

Ұлт руханиятының жанашыры – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов

Дмитриевка ауылдық кітапханасы
 
“Ұлт руханиятының жанашыры – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов” атты патриоттық сағатын ұсынады.
Халқымызда “Тарих түгендейді, уақыт бүтіндейді” деген сөз бар. Жазықсыздан-жазықсыз тәуелсіздік жолында атылған “Алаш” зиялыларының көшбасшысы туралы танымдық сағат өтті. Әлихан – ұлт жанашыры, тоталитарлық саясаттың құрбаны. “Ұраным – Алаш” деп, тәуелсіздік жолында күрескен ұлы тұлға. Өткенді білу – кемел келешекке ұмтылу үшін қажет. Қазақ халқының жүріп өткен тарихын таныстыру – өскелең ұрпақ үшін аса маңызды. Өткенді білмей, келешекті болжау мүмкін емес. Дамылсыз даму үшін тарихымызды білу және оны насихаттау – құптарлық бағыт. Тәуелсіздік алған сәттен бастап, ұлт бойындағы сан ғасырлық рух пен ұлы мұрат бұлқынысы оянды. “Алаш” ұғымы уақыт өткен сайын жоғары деңгейге көтерілуде.
 
24.04.2025
Қаралым саны: 47