Дмитриевка ауылдық кітапханасы "Төл теңге елдіктің нышаы" атты ақпарат сағатын ұсынады.
15 қараша Қазақстанда – ұлттық валюта - Теңге күні, Қазақстан Республикасы Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Мемлекеттік валюта мемлекеттің қалыптасуында елдің Конституциясы сияқты үлкен рөл атқарады. Ол тауарлар мен қызметтердің құнын білдіріп, ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырады және ақша белгілерінің номиналдарын белгілеп, шетел валюталарының бағамын анықтайды. Теңгенің енгізілуі елімізде толыққанды банк саласын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазақстан тәуелсіз экономикалық, ақша-несие және эмиссиялық саясат жүргізуге мүмкіндік алды.
Шын жүректен осы әрқайсымызға өте маңызды жүйенің барша қызметкерлерін құттықтаймын. Қаржы ісінің барлық қыр-сырын жақсы білетін бірінші дәрежелі құзыретті және жауапты мамандардың арқасында Қазақстанның экономикалық және қаржы жүйесі сенімді қолда!
13.11.2024
Қаралым саны: 142
Қаралым саны: 142