Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Теңге – тәуелсіздік нышаны

Теңге – тәуелсіздік нышаны

Дмитриевка ауылдық кітапханасы Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты патриоттық сағат өткізді.

1993 жылы 12 қарашада Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын айналымға енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Ал 1993 жылдың 15 қарашасында теңге ресми түрде айналымға шықты. Содан бері бұл күн — Ұлттық валюта күні ретінде аталып өтеді.

Мерекенің мақсаты — оқырмандарға теңгенің құндылығын түсіндіру, ұлттық валютамыздың ел тәуелсіздігін айқындайтын маңызды нышан екенін ұғындыру.

15 қараша — еліміздің қаржы саласындағы ең маңызды мерекелерінің бірі — Ұлттық валюта күні.

Мереке құтты болсын! Еліміз тыныш, келешегіміз кемел, ұрпағымыз бақытты болсын!

 

 

14.11.2025
Қаралым саны: 69