Дмитриевка селолық кітапханасы «Теңдессіз тарихшы, академик, профессор Манаш Қозыбаев — 90 жаста» атты насихат сағатын ұсынады. Қазақ халқының аса көрнекті перезенттерінің бірі, тарих ғылымының докторы. Тарих саласында ғылыми мектебін құрған ұлы ұстаз. Академик өзінің 40 жылғы өмірінде 800-ден астам еңбек жазып қалдырған. 30 монография, 50 ден астам ұжымдық еңбегі, оқулықтармен, оқу құралдары бар. Ғұлама ғалымның қазақ тарихын дамытудағы ересен еңбегі зор. Егеменді елдің тәуелсіздік алған дәуіріндегі тарихшылардың көш басшысы. 1988 жылдан 2002жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін басқарды. 2003 жылдың 30 мамырындағы қаулысымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың есімі берілген, университете оның мұражайы ашылған.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1086712105432098&id=100022799556592
Қаралым саны: 119