Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Тарихи оқиғаларды қайта жаңғырту

Тарихи оқиғаларды қайта жаңғырту

Дмитриевка ауылдық кітапханасы: «Уақыттан мықты жад» бейнеролик байқауына қатысушы — Дмитриевка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сыздыкова Күлбайра Рахмедияқызы.

Тақырыбы: «Тарихи оқиғаларды қайта жаңғырту».

Екінші дүниежүзілік соғыста қаншама ерлік жасалды. Солардың ішінде — Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі ерекше. Ол дүниежүзін қанқұйлы соғыспен зар илеткен неміс фашистерінің ордасы — Рейхстагқа алғашқы болып Жеңіс туын тіккен.

Алайда оның бұл ерлігі Кеңес үкіметі тарапынан өз деңгейінде бағаланбады. Тек еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ғана Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Соғыс 1418 күнге созылған қанды қырғын болды. 21 жасында партия қатарына қабылданып, Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен. Фашистердің үкімет үйі саналатын Рейхстагқа дейінгі 360 метрлік аралықта жер бауырлап, жауынгерлік тапсырманы орындаған. Қасында Григорий Булатов есімді жауынгермен бірге ұзындығы 1 метр алқызыл туды тіккен.

 

25.06.2025
Қаралым саны: 90