Дмитриевка ауылдық кітапханасы: Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бауырларымыздың ерлігін насихаттау мақсатында іс-шара өткізді. Тақырыбы: “Совет Одағының Батыры Қасаев Әлікбай”.
Қасаев Әлікбай 1905 жылы 11 мамырда Алматы облысы, Ыссық кеңшарында қарапайым шаруа жанұясында дүниеге келген. Ол 4 — рота, 2 — батальон, 1075 — атқыштар полкінде мерген-атқыш болып қызмет еткен. Ол — 28 панфиловшының бірі.
Әлікбай Қасаев соғыс алаңында гранатамен танктерді жарып, ерлік көрсеткен батыр. Отан үшін өмірін қиған қаһарман. Соғысқа дейін санитарлық қызметте жұмыс істеген, ұрыс даласында жараланған жауынгерлерге көмектесіп, оларды емдеуге атсалысқан. Небәрі 36 жасында Отанды қорғау жолында соғыс алаңында ерлікпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін 1942 жылы оған Совет Одағының Батыры атағы берілді. Батырларға тағзым — мәңгілік. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!
Қаралым саны: 65