Дмитриевка ауылдық кітапханасы: «Сәбидің күлкісі — бәрінен де қымбат» атты патриоттық сағат өткізді. Іс-шара «Балапан» шағын орталығында өтті. Балалар — көзіміздің нұры, өміріміздің жалғасы. Іс-шара көңілді әрі мерекелік атмосферада өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күні - бұл баршамызға балаларымызды қорғаудың, олардың қауіпсіздікте болуының, амандығының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күні олардың қажеттіліктеріне, құқықтары мен көңіл-күйіне ерекше назар аударылады. Балалардың қауіпсіз әрі сүйіспеншілікке толы ортада тәрбие алып, дамуына қолайлы ахуал құру үшін біз жауаптымыз.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
Балалар – біздің болашағымыз, оларды желеп-жебеп жүру - қоғам қамқорлығының басты аспектісі. Бұл күн әр балаға қауіпсіз балалық шақ сыйлап, болашақта бақытты болып, табысқа жетуге көмектесетін білім, қамқорлық пен махаббатқа ие болу мүмкіндігін беру қажеттігі туралы есімізге салады. Біздің қоғам балалардың қауіпсіздігі мен амандығын бірінші орынға қойып, барлық қауіп-қатерден қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс.
Мереке құтты болсын! Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, армандарының орындалуын және жазғы демалысты жақсы өткізулерін тілейміз!
Қаралым саны: 69