Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Шылымқорлық – жаман індет

Шылымқорлық – жаман індет

Дмитриевка ауылдық кітапханасында «31 мамыр – шылым шекпейтіндер күніне» орай, ата-аналар арасында «Шылымқорлық – жаман індет» атты денсаулық сағаты өткізілді.

Шараның мақсаты – жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру және шылым шегудің денсаулыққа зиян екеніне көз жеткізу.

Зиянды әдеттің салдарынан адамдар демікпе мен өкпе ауруларына шалдығады. Елімізде әр үшінші тұрғын темекі шегеді. Осыған орай, темекі қораптарына қорқынышты суреттер басып шығару – Парламент депутаттарының шешімімен міндеттелген.

Бүгінде елімізде 21 жасқа толмағандарға шылым сатуға тыйым салынған.

Дені сау бала – әр отбасының қуанышы, бақыты және келешегі.

Салауатты ұрпақ – халқымыздың сенімді тірегі.

Денсаулық – баға жетпес асыл дүние.

Дені сау ұрпақ – байлықтан да қымбат қазына.

https://www.facebook.com/100022799556592/posts/1933088244127809/?mibextid=wwXIfr&rdid=VwpGvfL0R8srfgm8# 

29.05.2025
Қаралым саны: 89