Дмитриевка ауылдық кітапханасы. Кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған кітапхана сағатында оқырмандар назарына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған 7 кітап таныстырылды. Іс-шараның мақсаты — отандық көркем әдебиетті насихаттау және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Президент ұсынған рухани құндылығы жоғары туындылар тізімі төмендегідей:
1. Мұхтар Мағауин – «Аласапыран»
2. Оралхан Бөкей – «Ұйқым келмейді»
3. Дулат Исабеков – «Қарғын»
4. Әбіш Кекілбаев – «Үркер»
5. Мұхтар Әуезов – «Абай жолы»
6. Смағұл Елубай – «Ақ боз үй»
7. Қабдеш Жұмаділов – «Тағдыр»
Оқырмандар назарына ұсынылған бұл шығармалар — қазақ әдебиетінің алтын қорына енген, терең мазмұнды және өмірлік сабаққа толы туындылар.


06.10.2025
Қаралым саны: 101
Қаралым саны: 101