Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Патриоттық сағат "Қаһарман рухы — ұрпаққа үлгі"

Патриоттық сағат "Қаһарман рухы — ұрпаққа үлгі"

Аудандық балалар кітапханасы «Қаһармандырымызды қастерлейік!» патриоттық жобасы аясында Ұлы Отан соғысының батыры, қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Қаһарман рухы — ұрпаққа үлгі» атты патриоттық сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты — Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері арқылы патриотизмге, тарихи мұра мен ерлікке құрмет көрсетуге тәрбиелеу, сондай-ақ оның әдеби және рухани мұрасын насихаттау. Шара барысында батырдың жауынгерлік жолы, Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі баяндалып, «Арпалыс», «Москва үшін шайқас» сияқты шығармалары талқыланып, ондағы жауынгерлік рух, тәртіп пен ұлттық намыс көрініс тапты.

16.05.2025
Қаралым саны: 11