Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Отбасым бақытты мекенім

Отбасым бақытты мекенім

Дмитриевка селолық кітапханасы гендерлік саясат аясында, Тәуелсіздіктің — 30 жылдығына орай «Отбасым бақытты мекенім» атты сұхбат сағатын ұсынады. Бүгінгі сұхбат сағатын зейнеткерліке 5 қарашада шығып жатқан, ұстаз Узакова Сауле Жұмашқызының жанұясында болды. 34 жыл шәкірт тәрбиелеуге аянбай еңбек еткен аяулы ұстаз. Ұстаз болу жүрек тің батырлығы, ұстаз болу сезімнің ақындығы. Жанұяда екі бала тәрбиелеген ардақты ана. Үлкен қызы Ләйля Марат қызы анасының жолын қуып ұстаз мамандығын таңдаған. Қазіргі таңда Дмитриевка орта мектебінің орыс тілі мұғалімі. Күйеу баласы Смағұлов Арман Дулат ұлы тарих пәнінің мұғалімі. Ұлы Сағдат дәрігер, Рудный қаласында еңбек етуде. Бұл жастарымыз үлгілі отбасынан шыққан тәуелсіз елдің, болашақ жалынды жастары. Отан от басынан басталады дегендей, жанұяға бақыт тілейміз. Отағасы Марат Шаймолда ұлы Атамекен АГРОда механизатор боп жұмыс істейді. Бақытты от басына, береке бірлік, толағай табыстар тілейміз!

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1078031342966841&id=100022799556592 

03.11.2021
Қаралым саны: 145