Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Отбасы – алтын мекенім

Отбасы – алтын мекенім

Дмитриевка ауылдық кітапханасы “Отбасы – алтын мекенім” атты тәлімдік сағат өткізді.Отбасы – жүректің панасы, жанның тыныштығы.

Бақытты өмірдің бастауы – өз үйіңде. Үйіңде жылу, мейірім, бірлік пен түсіністік болса, өмірің гүлдей жайқалады. Отбасы – сенім мен сүйіспеншілікке құрылған шағын әлем. Әр жанұя – үлкен қоғамның іргетасы.

Бүгін – Отбасы күні. Бұл – ата-ана мен бала арасындағы махаббатты, жар мен жар арасындағы сыйластықты, ұрпақ пен дәстүр сабақтастығын бағалайтын күн. Қай жерде жүрсек те, жүрегіміз – отбасымызда. Қиындықта тіреу, қуанышта сүйеу болатын жанұяңыз аман болсын!

 

15.05.2025
Қаралым саны: 15