Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Нан иісі аңқыған қолдарға – мақтау!

Нан иісі аңқыған қолдарға – мақтау!

Дмитриевка ауылдық кітапханасында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Нан иісі аңқыған қолдарға – мақтау!» атты маман күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың мереке тарихы туралы білімдерін кеңейту, еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру, ауыл шаруашылығы саласы мамандарына деген мақтаныш пен ризашылық сезімін ояту болды.

Кітапханашы қатысушыларға мерекенің шығу тарихы жөнінде баяндап, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегі арқылы елді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырғаны туралы әңгімеледі.

Ауыл – қазақ халқының рухани тірегі, дәстүр мен еңбектің киелі ордасы. Адамзат баласы жерге дән сеуіп, мал өсіруден бастап өркениетке жол салған. Сондықтан ауыл шаруашылығы – елдің басты байлығы, халықтың ырысы. Ауыл – экономикамыздың күре тамыры, ал еңбек адамдары – сол берекенің иесі. Бүгінгі іс-шара ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген, күн демей, түн демей еңбек етіп жүрген еңбек адамдарына арналды.

Қамбаларыңыз астыққа толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін! Жер-ананың қадірін біліп, ел игілігі үшін аянбай еңбек ете беріңіздер!

12.11.2025
Қаралым саны: 65