Дмитриевка ауылдық кітапханасында Мұғалімдер күніне арналған тағылымды сұхбат сағаты өтті. Шара барысында бастауыш сынып мұғалімі, өмірін жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнаған Асанова Алма Серікқызы сөз алды. Ол 34 жыл бойы ұстаздық жолында жас жеткіншектерге білім нәрін сеуіп, өнегелі еңбек етіп келеді. Кітапхана ұжымы ардақты ұстазға өзінің алғысын білдіріп, денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі.

02.10.2025
Қаралым саны: 121
Қаралым саны: 121