Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Мерекенің тарихы – ел тарихы

Мерекенің тарихы – ел тарихы

Аудандық балалар кітапханасында Республика күніне орай Қазақ мектеп-интернатының 4 сынып оқушыларына «Мерекенің тарихы – ел тарихы» атты тарихи бұрлыстар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты азаматтық және патриоттық сезімдерге, еліміздің тәуелсіздік тарихын таныстырып, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Шара барысында балаларға келесі тапсырмалар берілді: инттелектуалдық викторина  «Бәйге», «Тарихи күнтізбе», «Сөз құрау», мақал-мітелдер  «Жалғасын тап» сайысы, және сұрақтар «Блиц – турнирі». Балалар сұрақтарға жауап беру барысында белсенділік танытты. Шара барысында балалар мемлекетіміздің тарихымен тереңірек танысып Қайрат Айсана, Жанұзақ Амирхан және Серік Серали Отан туралы өлеңдер оқыды.  
Шараға арналған "Қазақстан Республикасы күні" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы шолу жасады. Іс-шара соңында обылыстық Б.Соқпақпаевтың «Менің атым - Қожа» шығармасы бойынша байқауға қатысқаны үшін Толеген Еркежанды диплом және сыйлықпен марапатталды. Шара соңында тәттілер таратылып, мерекеге арналған фото-рамкаларда суретке түсті.
 

 

24.10.2024
Қаралым саны: 105