Биыл Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл толып отыр – ерекше талант иесі, тағдыры өзгеше адам, қазақ, неміс және орыс тілдерінде шығармалар жазған жазушы, аудармашы, публицист.
31 қазанда агротехникалық колледжде жазушының мерейтойына арналған «Таныс кітаптарды ашайық» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға 1-2 курс студенттері мен оқытушылар қатысты. Кітапханашылар әйгілі қазақ жазушысы, аудармашы және публицист Герольд Карлович Бельгердің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі.
Іс - шараның мақсаты: Қазақстан қоғамында қазақ тілінің қарқынды дамуына, ел әдебиеті мен мәдениетіне елеулі үлес қосқан көрнекті жазушы Г. Бельгердің өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
01.11.2024
Қаралым саны: 140
Қаралым саны: 140