Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Кітап себетінен жаңа кітаптар

Кітап себетінен жаңа кітаптар

Біздің қітапханамыздың  қоры  балаларға  арналған мемілекеттік тілде қызықты  кітаптармен  толықтырылғанын  хабардар етуге асығамыз. Кітапхана – ғылым мен мәдениеттің, өмірлік  іс- тәжірибелердің  жинақталған ордасы,  әрі оларды көпшілікке тарту мен насихаттауға бағытталған басты құралдардың бірі.

Бүгінгі кішкене оқырмандар – ертенгі ел тұтқасы. Балаларға кітаптың берер ықыласы зор. Заман толқынында тербеліп, өзінің қымбат қазынасын  ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан кітаптың адамның рухани азығы екені дауасыз. Кітапхананың мақсаты – оқырмандар қатарын көбейту, сөреде тұрған кітаптарды оқырман  қолына жеткізу, насихаттау. Кітап –біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз.  Кітапхана – оқырмандар мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Жаңа заман компьтер дәуірі болғанымен  рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Біздің барлығымызға да ортақ міндет- әрбір оқырман өзінің  керек кітабын тауып, білімін жетілдіруге, өзіндік тұлғасын қалыптастыруына  жағдай жасау.

Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, тарих шежіресі, өнер- білім бұлағы, оқу тәрбие құралы. Сондықтан  біздер, оқырмандар, кітапты оқып қана қоймай, мұқият  ұстап, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз керек. «Кітап – рухани азық»  дейді қазақ халқы. Кітап   оқырмандардың жан жақты білімін, ой - өрісін кеңейтеді. Біздің кітапханамызда  оқырмандарға арналған  «Бізге жаңа кітап келді» атты кітап көрмесі  безендірілген, бұл көрмеде кітапханамызға жаңа түскен әдебиеттерді  жинадық. Мәселен, халықаралық «Алаш» әдеби  сыйлығының иегері, белгілі ақын Болат Үсенбаевтың «Тәуелсіздік  деген не?» атты кітап  жас оқырмандарға,   балабақша  тәрбиешілері мен ұстаздар қауымына, ата- аналарға  арналған. Кітаптың тілі құнарлы, айтар ойы терең, тақырып аясы  кең, танымдық, тәрбиелік мәні зор.   Асхат  Өмірбаевтың   «Ең үздік ертегіші» атты  кітабы  ертегілер Отанды сүйуге, туған жерді аялауға, мейрімділік пен қайырылымдылыққа үйретеді. Үміт Битенованың «Балабақшадан басталған» атты кітабы. Өз оқырмандарына лайықтап  жазылған кітап ауыл тақырыбын сүйіп оқитын жалпы қауымға арналған. Әбубәкір Қайран «Өскелең» атты өлеңдер жинағы. Жинақ, негізінен, өскелең ұрпақтың ұлттық танымын кеңейтуге, жақсы азамат болып өсіуге бағыттауға арналған. Гүлдана Исаева «Балаларға  базарлық» атты  кітабы балаларға арналған таңдаулы өлеңдерден, жұмбақтардан тұрады. Айса Хамзеұлы «Ақ жол» атты кітабында балалардың  қызықты өмірін жан жақты суреттеп жазған таңдаулы әңгімелері сұрыпталып алынған. Көсемәлі Сәттібайұлының  «Күнге ғашық өлкеде», «Тәтті  ертегі», «Бірлікті іздеген бала», «Елгезек бағдаршам, тоқ- қуат және басқалар» атты кітаптары. Кітап ата-аналарға, балабақша тәрбиешілеріне, бастауыш сынып ұстаздарына және ертегіні жақсы көретін барлық балаларға арналған.

Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтың сөзімен айтқанда: «Кітап  - әр адамның өмірлік досы». Ендеше, кітап сендердің  мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын.

Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол мәңгілік сапар шеккен ақыл ескерткіші. Кітап оқу –рухани байлық. Кітап жан серігің, кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып білеміз. Сондықтан кітапты бағалайық, қастерлейік.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02zFo8Gws8pviV51P9eKtXuQNzFagUMRpMPhXjWoBSjTNPzQrpaTmCWRmmep49H1ZYl&id=100049290467887

07.11.2022
Қаралым саны: 129