Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Кітап — біздің досымыз» атты ақпарат сағатын ұсынады.
Оқып, үйренбесең — өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді.
Тасқа жазылған тарихымызды кітапқа айналдырып, әлемге таныстырып отыратын — ол кітап.
Оны тек кітапханадан ғана таба аласыз.
Кітапхана — сарқылмас рухани қазына.
Жаһандану заманында білім мен ақыл таразыда. Ендеше, барлық ілім — кітапта.
Кітап — ғасырлармен сапар шегетін ақыл ескерткіші.
Келешек ұрпаққа мұра болып қалатын да — кітап.
Кітап — ең қолжетімді руханият көзі.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты — балалардың ой-санасын кітапқа аудару, білімнің сарқылмас рухани бұлақ екенін түсіндіру.
Оқылмаған кітап — құр қағаз, ал оқылып, пайдаға асқаны — асыл тас.
Кітап оқығанда ақыл-ойдың айнасы кеңейеді, көзбен оқып, көңілге тоқисың.
Жас ұрпақ — ел болашағы десек, келешекте білікті, ақылды, саналы азаматтар көп болсын!
Өскелең ұрпаққа ашық күннің шуағындай, нұрлы өмір тілейік!
11.06.2025
Қаралым саны: 113
Қаралым саны: 113