Республика күні – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі, 2022 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын 25 қазанда тойланады. Мереке қарсаңында облыстық орталық кітапхананың оқу залында «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты тарихи саяхат өтті. Шараға ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен оқытушылар шақырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттерді мемлекеттің құрылуынан бастап Республика тарихымен таныстыру, ел тарихына деген қызығушылықты дамыту, азаматтық, патриоттық, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Жүргізушілер студенттерді мерекенің тарихымен таныстырып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы, сол кездегі экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы негізгі міндеттер туралы мәліметтер берді. Осындай кітаптарға қысқаша шолу жасалды, «Қазақ мемлекттінің тарихтары», «Қазақстан тәуелсіздік жылдарындағы» т.б.
Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, Қазақстан тарихы, тәуелсіз мемлекеттің құрылуы, қазақ өмірі туралы сұрақтарға жауап берді. Шара барысында ұстаздар: Рахимов Ойрат Оспанұлы, Ғайса Асқарұлы Алғазин және Мұқаш Жалғас Ерболатұлының құттықтау сөздері тыңдалды. Оқушылар «Менің Отаным Қазақстан» ашық диалогында өздерін көрсетті. Іс-шараның барлық қатысушылары мұражайды аралап, барлық бөлімдерге шолу жасалды.
Қаралым саны: 99