Дмитриевка ауылдық кітапханасы:
«Тұманбай Молдағалиев – 90 жыл» мерейтойына арналған ән шашу
«Қазақ поэзиясының сыршылы»
Биыл қазақтың біртуар ақыны, Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толып отыр.
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Жарсу ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Кейін «Пионер», «Балдырған» журналдарында, «Жалын» альманахында, «Жазушы» баспасында қызмет атқарған. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметін де атқарған.
Тұңғыш өлеңдер жинағы — «Студент дәптері» 1957 жылы жарық көрді. Сол уақыттан бері ақынның қырықтан астам кітабы жарыққа шықты. Ол орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Тұманбай Молдағалиев — Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуовтің көптеген әндеріне сөз жазған танымал лирик ақын.

30.06.2025
Қаралым саны: 80
Қаралым саны: 80