Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Қазақ киносының бойтұмары

Қазақ киносының бойтұмары

Дмитриевка ауылдық кітапханасы "Қазақ киносының бойтұмары" атты тәлімдік сағатын ұсынады. Ұлт тағлымы Сұлтанахмет Қожықовтың—100 жылдығына арналды. Режиссер 1923 жылы 10 наурызда Таразда дүние есігін ашқан. Қорасан қожа руынан шыққан. Сұлтанахмет Қожықов дәуір тынысын нәзік сезінетін, және қазақ халқының  өмірі мен дәстүрлерін шынайы көрсетуге тырысқан, режиссер ретінде тарихта қалған тұлға. Ол талантты боп туған адам. Сұлтанахмет Қожықовтың есімі аталғанда даңқы дәуірге дастан болған "Қыз Жібек" фильмі. Көркем өнердің көкжиегін кеңейтіп, қазақ киносын шырқырау биікке көтерген киногердің биыл ғасырлық тойы тойлануда. Іс шара мақсаты мәдениет қайраткерлерін насихаттау, таныстыру. Сұлтанахмет Қожықовтың "Қыз Жібек" фильмі  тұнғыш рет қазақтың әдемі, сұлу, сергек, дені таза қанды халық екенін көрсетті.

 

06.11.2023
Қаралым саны: 95