Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Қасиетті отқа толы жаны

Қасиетті отқа толы жаны

Дмитриевка селолық кітапханасы: "Қасиетті отқа толы жаны" атты библиографиялық сағатын ұсынады. Іс шара "Ғибратты ғұмыр" рубрикасы аясында өтті. Сырбай Мауленов Қостанай облысы Жангелдин ауданында 1922 жылы 17 қыркүйекте туған. Қазақ поэзиясының шебері, майдангер ақын. Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыс туралы сыршыл сезімде туған лирикалық туындылары көп. Соның бірі "Соғыстан қайтқан солдаттар" атты  өлеңі бүгінгі күнге дейін айтылып жүр. Жазған  туындылары: "Үркер төбеде тұр, Шаңқай" тағы басқа да шығармалары көп. Туындылары орыс тілінде аударылған. "Өлеңім сырласатын серігімсің. Өзіңмен бірге жасар өмірімсің. Адамзат жүрегіме үңілгенде. Әр уақыт сен арқылы мені білсін -" деп жазып кеткен.

Сырбай Мауленов  шығармаларын оқуға, танысуға шақырамын.

https://www.facebook.com/100022799556592/posts/pfbid02Wem4hNRUhgpRm463aBsKRNFYTN2r9Z86pdVSMt44mnznDHAfGwVhqZfbk7Sq2oUAl/

Қасиетті отқа толы жаны

Қасиетті отқа толы жаны

11.10.2022
Қаралым саны: 101