Дмитриевка селолық кітапханасы "Гимн - әнұран ұлттық нышанымыз" - атты патриоттық тәрбие сағатын ұсынады. Бүгінгі іс шара рәміздеріміздің 30 жылдығының құрметіне ұйымдастырылған. Іс шарада егеменді елдің ән ұранының шығу тарихы, авторлары таныстырылды. "Менің Қазақстаным" әнінің шыққанына елу жылдан астам уақыт өтті. Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов шығарған. Басында ән боп шырқалып жүрді, кейін Тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасының ән ұраны болып бекітілді. Әнұранымыз Қазақстан Республикасының әр азаматының бой тұмары. Әлемге ту, елтаңба, ән ұран арқылы таныламыз. Әділетті, зайырлы Қазақстан көркейе берсін.
23.12.2022
Қаралым саны: 144
Қаралым саны: 144