Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Ғибратты ғұмыр

Ғибратты ғұмыр

Дмитриевка селолық кітапханасы "Ғибратты ғұмыр" айдарында тәлімдік сағат ұсынады. Жазушы, драматург, Қазақстан Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков 80 жаста. Республика күніне қарсаңында, жазушы Дулат Исабековке Қазақстаның Еңбек Ері  атағы берілді. Алтын жұлдызбен "Отан" орденімен марапаталды. Көп жылғы еңбегінің жемісі. Туған жері Ленин жолы ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 1942 жылы 20 желтоқсанда дүние есігін ашқан. Алғашқы қолтаңбасы 1963 жылы баспасөз  бетін көрген. Бұқаралық ақпарат құралдарында, мәдени ет саласында қызмет еткен. Қазақ телевизия сында  бас директоры, "Жазушы" баспасының, Қазақ мәдениеттану және  өнертану ғылыми-зерттеу институтының директоры  болды. Әрі көркем әдебиеттің екі саласында-проза мен драматургияда бірдей еңбек етті. Өз халқына деген сүйіспеншілігін жазушы өз қолтаңбаларымен дәлелдеген.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02ndk7D5mRewKznjV1rXHtm11PLBv3QRP7D6Dg2Vn4NPmkJ9F7b6YGMyXMGXra5rK6l&id=100022799556592

#ДулатИсабековке80жас

Ғибратты ғұмыр

Ғибратты ғұмыр

26.10.2022
Қаралым саны: 109