Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Герольд Белгер бейнесі - ел жүрегінде

Герольд Белгер бейнесі - ел жүрегінде

Дмитриевка селолық кітапханасы: Ғибратты ғұмыр аясында "Герольд Белгер бейнесі - ел жүрегінде атты тәлімдік сағатын ұсынады. Дүние есігін 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысының Энгельс қаласында ашқан. 1941 жылы ол ата - анасымен бірге неміс ұлтының өкілдері ретінде Қазақстанға жер аударылған. Сол кезден бастап Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Ыбырай ауылында өсті. Қазақшаны сол елде танып білді. Елуден астам прозалық, әдеби-сын кітаптардың авторы. 200-ге жуық қазақ қаламгерлердің отты шығармаларын орыс және неміс тілдерінде сөйлетті. Нағыз интернационалды тұлға. Саналы ғұмырының  сәулелі сәттерін әдебиет әлеміне бағыштаған  жазушының, қазақ халқына деген  махаббаты, шығармалары арқылы көптеп көрініс алады. Жазушының "Қазақ дәптері" деген кітабы бар. Онда қазақ халқының  мәдениетін, тілін, жан дүниесін ашып көрсеткен. Қазақтың жүрегін қазақтан артық түсініп, мәңгілік мекенін қазақтардың ортасынан  тапқан Гераға. Герольд Бельгер-қазақ халқының ұлы досы.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02Zmr1cdALKqJo9KA6A84WSfsyLfJNxqk9G7PDLAXTChvnoLgpTneSuLgSYU839ySrl&id=100022799556592

Герольд Белгер бейнесі - ел жүрегінде

Герольд Белгер бейнесі - ел жүрегінде

07.11.2022
Қаралым саны: 111