Дмитриевка ауылдық кітапханасы "Гендерлік саясат тепе - теңдік" – атты кездесу сағатын өткізді. Қазақстандағы гендерлік саясат ерекшелігі – қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары мен ерекшеліктері арқылы айқындалып тұрғандай. Еркекпен әйелдің қоғамдағы орны, ролі тепе тең. Еліміздегі гендерлік саясаттың негізгі мақсаты ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты. Біздің елімізде әйелдердің алатын орны ерекше. Демографиялық өсімді қамтамасыз етудегі әйелдердің орны бірінші қатарда. Бала туу, өсіру, тәрбиелеу, отбасын асырау да аналардың басты мақсаты. Маңызды қызметерде жұмыс істей жүріп, отбасы құндылықтарын да қорғап, қолпаштайтында әйелдер. Президентіміздің 1 қыркүйектегі Жолдауында атап көретілгендей отбасылық зорлық зомбылыққа жол бермеу, қатаң жаза қолдану керектігі айтылды. Қазіргі жаһандану заманында өз құндылықтарымызды жоймай, ата-баба жолымен ананы сыйлау, әкені құрметтеу, кішіге ізет үлкенге құрмет басты мақсатымыз болсын. Отбасында бақытты өскен ұрпақ болашақта үлкен қоғам мүшесі болары сөзсіз.
Қаралым саны: 96