Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Есірткісіз болашақ» атты денсаулық сағаты өтті. 26 маусым – бүкіл әлем бойынша нашақорлыққа қарсы күрес күні.
Нашақорлық – қазіргі заманның ең қауіпті әрі зиянды індеттерінің бірі. Ол адамның денсаулығына үлкен зиян келтіріп, өміріне қауіп төндіреді.
Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, түрлі ақпараттық кітапшалар қойылды. Қатысушыларға есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны туралы түсіндіріліп, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырылды «Теңдессіз жау – нашақорлықпен бірге күресейік!» деген ұранмен өткен бұл шара салауатты өмір салтын насихаттауға арналды. Салауатты ұрпақ – ел болашағының кепілі. Қатысушыларға нашақорлық – қауіпті дерт екені түсіндірілді.
23.06.2025
Қаралым саны: 68
Қаралым саны: 68