Дмитриевка ауылдық кітапханасы оқырмандарымен «Библиография – ақпарат кеңістігі» атты библиографиялық сабақ өткізді. «Библиография» – кітапхана қорындағы кітаптар, мақалалар, басқа да басылымдар мен құжаттар туралы мәлімет беретін, оларды сипаттап, жүйелеп, оқырманға жеткізетін маңызды сала.
Сабақ барысында қатысушыларға каталогтар мен көрсеткіштерді пайдалану, анықтамалықтармен жұмыс істеу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылар мен студенттерге ғылыми жұмыстарын жүргізу кезінде деректер жинақтауға, кітаптар мен мақалалар туралы нақты ақпарат алуға, қажетті деректерді тез табуға библиографияның көмектесетіні айтылды.
Жалпы библиографиялық ақпарат көздері ретінде каталогтар, библиографиялық көрсеткіштер, анықтамалықтар мен энциклопедиялар, электронды дерекқорлар және интернет ресурстар туралы мәлімет берілді.
Мақсаты: библиографияның маңызын түсіндіру, ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге үйрету, оның білімге бастайтын жолбасшы екенін көрсету.
Қаралым саны: 58


