Дмитриевка ауылдық кітапханасы
“Бала құқығы – басты құндылық” атты құқықтық тәрбиелік сағатын ұсынады.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа бала құқығы мен отбасы құндылықтары туралы мағлұмат беру. Қазіргі жаһандану заманында ғаламтордың теріс ықпалы мен зорлық-зомбылық жағдайлары жеткіншектер арасында жиілеп барады. Бұл – кез келгенімізді алаңдататын өзекті мәселе. Мұндай жағымсыз жайттардың алдын алу – баршамыздың міндетіміз.
Әрбір бала – қоғамның толыққанды мүшесі. Біздің елімізде бала құқықтары БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясымен, «Неке және отбасы туралы» кодекспен, сондай-ақ «Бала құқықтары туралы» заңмен қорғалған.
Бала құқығына қатысты мәселелерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қабылдау – балаларды қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың бастауы. Балалар – көз қуанышымыз, өміріміздің гүлі.
Отан отбасынан басталады. Мейірімділікке баулып, тәрбиемен өскен бала – ақылды, адамгершілігі жоғары азамат болып қалыптасады.
Іс-шараның түпкі мақсаты – өскелең ұрпаққа бала құқығының басты құндылық екенін ұғындыру.
Қаралым саны: 90