Дмитриевка ауылдық кітапханасы Наурызнама аясында Ұлттық спорт күніне арналған «Асық — ұлттық мұра» атты танымдық-ойын іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты — ЮНЕСКО тізіміне енген асық ойындарын таныстыру, көрсету және кеңінен насихаттау. Ұлттық ойындар — халқымыздың баға жетпес мәдени мұрасы, ұлттық құндылығымыздың ажырамас бөлігі.
Осыған орай мәдениет орталығында әртүрлі жастағы балалардың қатысуымен қызықты әрі мазмұнды шара өткізілді.
20.03.2026
Қаралым саны: 17
Қаралым саны: 17





