Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Адал еңбек – адамды абыройлы етеді

Адал еңбек – адамды абыройлы етеді

Дмитриевка ауылдық кітапханасы Жұмысшылар күніне орай Дмитриевка орта мектебінің асханасында жұмысшылармен «Адал еңбек – адамды абыройлы етеді» тақырыбында сұхбат сағатын өткізді. Бас аспазшы Осмонова Елена Ивановна бұл қызметінде 6 жыл жұмыс істеп жүргенін айтты. «Әр балаға тамақ жасап беру, көңілінен шығу – менің міндетім» – деп ағынан жарылды. Асханада жастар да бірге еңбек етуде. Шара соңында еңбек адамдарына сәттілік тілектері айтылып, «Еңбек адамды бақытқа жеткізеді, әр адам өз еңбегімен көркемделеді» деген ой түйілді.
 
 
 
23.09.2025
Қаралым саны: 102