Дмитриевка ауылдық кітапханасы "2024 жылда жеткен жетістіктеріміз" атты ақпарат сағатын ұсынады. Биылғы жылда мәдениет саласында еңбек еткеніме 35 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес, қиындығы мен қызығы мол еңбек жолы болды. Кітапхана мамандарының қызметін бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көп елене бермейтін, бірақ дүйім жұртты кітапқа тарту мақсатында кызмет атқаратын, кітапханашылар еңбегі ұшан теңіз. 2024 жыл еңбегім еленіп "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төс белгісімен марапатталдым. Зәулім кітапхана берілді. Жылдың жақсы жетістіктері көңіл қуантады. Мәдени орталықтың ашылғаны ауыл тұрғындарында қуантып тастады. Жастар орталығы, музей, денешынықтыру, шахмат шашки ойнайтын бөлмелер жабдықталған. Келер жыл бақыт әкелсін.
27.12.2024
Қаралым саны: 304
Қаралым саны: 304